Облыстың мемлекеттік архивінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен онлайн-кездесу

Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшысы М.З. Байзелдинова онлайн режимінде облыс мемлекеттік архивінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кеңес өткізілді. 

Кеңесте еңбек тәртібін сақтау мәселелері, ҚР ТЖБ жүргізілген тексеру нәтижелері, архив қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында туындайтын проблемалық мәселелер (жинақтау, мемлекеттік есепке алу, архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ҚР ҰАҚ құжаттарын пайдалануды ұйымдастыру) талқыланды. 2020 жылға арналған жоспардың негізгі көрсеткіштерін орындауға және 2021 жылға арналған жоспарлауға ерекше назар аударылды.

Облыс мемлекеттік архиві басшысының орынбасары К.Г. Макажанова өз баяндамасын мемлекеттік қызметке арнады. Ол әріптестеріне "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметін сапалы және уақытылы көрсету қажеттілігі және олардың осы үшін дербес жауапкершілігі туралы еске салды.

 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...