Алғыс айту күні

Алғыс айту күні Қазақстанда 1 наурызда атап өтіледі. Жыл сайын бұл мереке біздің еліміздің азаматтары үшін ерекше маңызды бола түсуде.

2021 жылғы 1 наурызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің ерекше мәнін атап өтіп, «оның құндылықтары өзара көмек пен халқымыздың мызғымас бірлігінің берік дәстүрлерін бейнелейді» – деген болатын.

Социологиялық деректер бойынша Қазақстан толеранттылық деңгейі жоғары ел болып табылады. Бұл дегеніміз, адамдар көбінесе айналасындағы отандастарының ұлты бойынша, әсіресе тұрмыста бөлінбейді. Бұл,  әрине, керемет және бұл еліміздің айқын ерекшеліктерінің бірі.

Мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған. Алғыс айту күні барлық этностардың бір-біріне және мейірімділік танытып, адамдарды туған-туысқандары ретінде қабылдаған қазақтарға деген құрметі мен ризашылығын білдіреді.

Барлық қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге одан әрі өркендеу, амандық пен табыс тілейміз!

 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...