Павлодар облысының мемлекеттік архивібасшысының орынбасары Н.А. Кубик «Архивное дело на современном этапе: проблемы, практики, инновации» атты III-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.Конференция Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналды.
Ұлы бабалар ізімен «Рухани жаңғыру кезеңі» жобасы аясында Павлодар облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Н.А. Кубик зум форматы арқылы «Павлодар Ертіс өңірінің тарихи тұлғаларымен байланысты киелі нысандар туралы архивтік материалдарды зерттеудің қиындығы мен болашағы» атты тақырыбында сабақ өткізді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар облысының мемлекеттік архивінің Шарбақты бөлімі Шарбақты тарихи-өлкетану музеймен бірлесіп «Шарбақты ауданы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды.
«ERTIS» телеарнасының эфирінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы арнайы репортаж шықты.
Павлодар облысының мемлекеттік архивінің басшысы Б.Ж. Ибраев акедемик Қ. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайымен ұйымдастырылған «Мәшhүр Жүсіп мұрасының жаңғыруы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
2021 жылғы 19 тамыздағы «Сарыарқа самалы» газетінде Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Мақажанованың Қаншайым Ғалымжанқызы «Тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек» саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс топтарының жұмысы туралы мақаласы жарияланды.
Павлодар облысы мемлекеттік архивінің Успен бөлімімен Казақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Успен ауданы Казақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында» фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.
2021 жылғы қазақстанның поляк диаспорасы «Алматинский курьер полонийный» атты журналында Павлодар облысы мемлекеттік архивінің ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А.Кубиктің «Не все вернулись домой… Из истории депортированных в Павлодарскую область» мақаласы жарық көрді.
1941 жылы 22 маусым - посткеңестік елдер үшін тарихтағы ең қайғылы күн.