Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Павлодар өңірлік комиссиясы белсенді жұмыс жүргізуде. Жұмыс топтарының мүшелерін қабылдауға дайындығын бағалау үшін Павлодар облысының мемлекеттік архивіне Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Құрманова, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы С.Б. Бегалинова, Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының президенті Ж. Ашуев келді.
2021 жылғы «Вопросы документооборота» төртінші номері журналында Павлодар облысының мемлекеттік архиві ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А. Кубиктің «Выдача архивных справок, копий архивных документов или архивных выписок» (Из опыта работы Государственного архива Павлодарской области)» мақаласы жарияланды.
2021 жылғы «Вопросы документооборота» бірінші номері журналында Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Қаншайым Ғалымжанқызы Мақажанованың «О проблемных вопросах в использовании архивных документов»мақаласы жарияланды.
2021 жылғы 9 маусымда, «ERTIS» телеарнасында Павлодар облысының мемлекеттік архиві ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А. Кубиктің қатысуымен тікелей эфир өтті.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты тарихи-деректі көрмесімен Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейінің 9 және 10 сынып оқушылары танысты.
31 мамырда саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: тарих және естелік» халықаралық онлайн-форумы өтті. Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі («Қоғамдық келісім» РММ) , Павлодар облысының әкімдігі.
Павлодар облысы поляктар «Полония» бірлестігі Достық үйінде («Қоғамдық келісім» РММ) «Трагедия депортации поляков – общая боль и память» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналды.
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы (Теміртау қ.) П. Васильев мұражай-үйімен бірге. (Павлодар қ.) ZOOM платформасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «В степном краю взращенная душа» конференциясын ұйымдастырды.
Кеңес Одағының Батыры Қ.М.Сұрағановтың 100 жылдығына арналған «О Герое Сураганове» атты мақала 2021 жылғы 22 мамырдағы «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды.