Павлодар облысының мұрағаттарында латын қарпінде жазылған миллионнан астам құжат сақтаулы
2017 жылдың 15 қыркүйегі Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Қ.Ғ. Мақажанова «Взгляд в будущее: Модернизация общественного сознания» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында өткізілген және Қарағанды облысы архивтік қызметінің 80-жылдығына арналған Қарағанды қаласындағы «Архивы в современном обществе: тенденции и перспективы развития» Республикалық ғылыми-теориялық конференциясына қатысып, «Хранилище исторической памяти» тақырыбындаа баяндама жасады.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 5 қыркүйегінде «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары Ә.Б. Бегімова облыстық экспедиция құрамында Шарбақты ауданының сакралды жерлеріне баруға қатысты.
2017 жылғы 30 мамыр күні сағат 11.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінің үлкен залында «Ешқашанда ұмытылмақ емес. Забвению не подлежит» атты фотоқұжаттық көрменің ашылуы және Павлодар облысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференцияға облыс мемлекеттік архивінің басшысы Х.Әкімханов, облыс мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Қ. мақажанова, облыс мемлекеттік архиві бөлімінің басшысы Н. Кубик, Павлодар облыстық көркемсірет музейінің директоры А.Нұрғамысова, Павел Васильев музейінің директоры З. Мерц қатысты.