Жұмыспен қамту

 

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жүзеге асыру шеңберінде Ақсу қаласы бойынша 2018 жылғы 1 желтоқсанға алғанда келесі жұмыстар атқарылды.

Бірінші бағыт: Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді оқыту. 2018 жылға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарына сәйкес қамту жоспары 105 адам. Жалпы сомасы 15,3 млн. теңге қаражат бөлінген.

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша оқуға 116 адам (жылдық жоспарға 105,4 %) келесі біліктіліктер бойынша оқуға кірісті: тырнақ сәндеу шебері - 20; газоэлектрмен дәнекерлеуші - 5; шаштараз - 10; массажист - 7; экскаватор машинисі - 5; Д кат. жүргізушісі - 5; бульдозер машинисі - 5; менеджер-экономист - 12; токарь - 5; хатшы-референт - 10; it-маман - 5; автомобиль жөндеу слесары - 5; электромеханик - 5, автослесарь – 10; тракторшы (ауыл шаруашылық техникасының тракторшысы) – 5, тігінші -2. Оқыту Ақсу қара металлургия колледжі, «МирДик» (Ақсу қаласы), «Лидер» (Павлодар қаласы) оқу орталықтарының негізінде ұйымдастырылды.

 

104 қатысушы аяқтады немесе 90%, оның ішінде 68 адам жұмысқа орналастырылды (65%).

Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ).2018 жылғаоқытумен қамту жоспары 182 адамды құрайды. 2018 жылғы 1 желтоқсанға алғанда 182 адам оқуға кірісті. Ақсу қара металлургия және Жаяу Мұса колледжіне – 140 адам, Павлодар қаласының колледждерінде - 42 адам оқуға кірісті.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспарланған 50 адамды құрайды. 2018 жылға арналған Павлодар облысы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыту кестесіне сәйкес Ақсу қаласында 2 лекте оқыту жоспарланған: 1 лек – 19 адам оқуды аяқтап, «2018 жылғы мамыр – маусым» кезеңінде сертификат алды, 2 лек – 31 адам а.ж. 29 қазан мен 28 қараша аралығында оқуды аяқтады.

Оқыту Ақсу қаласының кәсіпкерлер палатасының базасында өткізіледі.

1 лекте аяқтағандардың ішінде 16 қатысушы бизнес ашуға грантқа ие болды. 31 аяқтаушыдан 2 ағымда 26 адам құжат тапсырды, 4 несие алу себебінен бас тартты.

«Бастау – Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтаған қатысушыларға 100 АЕК (240500 теңге) көлемінде гранттар беруге, бизнесті ашу үшін құрал-жабдықтар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға 43 адамға 10,3 млн.теңге бөлінді, 3,9 млн. теңге немесе 38% игерілді.2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жалпы сомасы 3,9 млн.теңгеге 16 адам грант алды.

Шағын несиелендіруге қаржыландыру шегі 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 214,1 млн. теңгені құрайды, соның ішінде:

ауылдық аймақтарға – 158,7 млн. теңге (соның ішінде АШҚҚҚ арқылы 24 жобаға – 82,0 млн. теңге, АНК арқылы – 76,7 млн. теңге),

қалаға - 55,4 млн. теңге.

Бизнесті ашу және кеңейтуге шағын несие беру бойынша қамту жопары 22 адамды құрайды.

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 158,7 млн. теңге 35 жобаға несие берілді.

Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Еңбек нарығын дамыту. 2018 жылы еңбекақыны ішінара субсидиялау үшін 40,4 млн. теңге қарастырылған (РБ-26,7 млн. теңге, ЖБ-13,7 млн. теңге). Қамту жоспары 180 адамды (РБ - 80 адам, ЖБ - 100 адам) құрайды.

2018 жылғы 1 желтоқсанға алғанда әлеуметтік жұмыс орындарына 221 адам жіберілді және жұмысқа орналастырылды (ауыл - 71).

Әлеуметтік жұмыс орындары қала мен ауылдық өңірдің түрлі меншік нысанындағы 50 кәсіпорында құрылған. Есепті кезеңге жоспар бойынша 35 млн. теңге толық көлемде игерілді.

Ағымдағы жылы жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 22,6 млн.теңге қарастырылған (РБ – 7,8 млн. теңге. ЖБ - 14,8 млн. теңге.).

Жастар тәжірибесімен қамту жоспары 82 адамды құрайды (РБ -22 адам, ЖБ - 60 адам). 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 103 адам жіберілді (соның ішінде ауылдан – 7), 17,8 млн.теңге игерілді (100%).

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 2018 жылы 40,2 млн. теңге қарастырылған. Қамту жоспары - 230 адамды құрайды. Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 317 адам жіберілген, соның ішінде ауылдан – 120 адам. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін 37 кәсіпорынмен (соның ішінде ауылдан – 6) келісім-шарт жасалған. Есептік кезеңдегі 40,2 млн. теңге жоспар сомасы толық көлемде игерілді.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы

2018 жылға оралмандарды қабылдау бойынша жоспар - 15 отбасы (онда 60 адам бар).2018 жылғы 1 желтоқсанға алғанда, Өңірлік комиссияның хаттамаларына сәйкес, өңірлік квотаға 23 оралман отбасы (онда 108 адам бар) енгізілді.

2018 жылға қоныс аударушыларды қабылдау жоспары 16 отбасы (оның ішінде 64 адам). Ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға алғанда 22 отбасы               (92 адам) квотаға енгізілді.

Еңбекке жарамды оралмандар мен қоныс аударушылардың жалпы саны109 адамнан тұрақты жұмыс орнына 70 адам (64,2%) орналастырылды.

Оралмандар мен ішкі қоныс аударушылардың көшуіне субсидия төлеуге ағымдағы жылы 12,2 млн. теңге (РБ) қарастырылған, есептік кезеңде игеру 100 %-ды құрады.

Сондай-ақ, бюджетте оралмандар мен қоныс аударушыларға жалдамалы тұрғын үй (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге 15,1 млн. теңге сомасында (ЖБ) қаражат қарастырылған. Есептік кезеңде жоспардағы 11,4 млн. теңге 100% игерілді.

2018 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде, 2555 жұмыссыз азаматты (меморандум бойынша бекітілген жоспар – 2464) қамту жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға алғанда шаралармен 3459 адам қамтылған, бұл жылдық жоспардың 135 %-ын құрайды.

Анықтама: 2017 жылдың сәйкес кезеңінде жұмыспен қамту шаралармен 2269 адам қамтылған, бұл жылдық жоспардың 127 % (2269/1787) құрайды.

Жаңа жұмыс орындарын құру. 2018 жылдың 1 желтоқсанына жоспар бойынша 2040 (тұрақты - 1020, уақытша - 1020), 2023 жаңа жұмыс орны құрылды (жылдық жоспардан 99,2%), оның ішінде: тұрақты – 1034 немесе 101,4%, уақытша маусымдық - 989 немесе 96,7%.

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарының үлесінің жалпы саны жоспар бойынша 50 % -дың 51,1 %-ын құрайды.

Анықтама: 2017 жылғы сәйкес кезеңде 1790 жаңа жұмыс орындары құрылған  (101,6 %), олардан: тұрақты – 770 (125 %), уақытша маусымдық – 1020 (89,1 %). Тұрақты жұмыс орындары үлесінің жалпы саны 43,0 % құрады (770/1790).

2018 жылы селолық округтер бойынша жаңа жұмыс орындарын құру ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға алғанда орындалу құрады:

 

Селолық округтер

жоспар, соның ішінде

факт

% орындалу

 

тұрақты

уақытша

Қалқаман

130

70

60

137

105,4

Достық

125

15

110

113

90,4

Қызылжар

170

10

160

152

89,4

Алғабас

150

50

100

124

82,6

М. Омаров атындағы

215

20

195

310

144,2

Евгеньевка

260

40

220

132

50,8

Барлығы:

1050

205

845

850

80,9

 

Ақсу қаласы бойынша 2018 жылғы 11 айдың ішінде Аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын орындау келесідей:

 

Индикаторлар

2018 жылға жоспар, %.

А.ж. 11 айдың ішіндегі факт

жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өтініш білдірген адамдардың ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі

83,7

84,0

жұмыссыздық деңгейі

5,0

5,0

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлес салмағы

22

48,5

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы

99,3 (1162 адам)

99,3 (1155 адам)

арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен (бұдан әрі - АӘҚ) қамтылған тұлғалардың үлес салмағы)

13,9

13,9

 

Ағымдағы жылдың басынан Жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін 3115 адам өтініш білдірді, жұмысқа орналасу бойынша шаралар көсетілді 2991 адам, соның ішінде ауылдан – 306 адам.

Жұмыссыз ретінде есепте 457 адам тіркелген (соның ішінде ауыл-104).

Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыз халықтың экономикалық белсенді халыққа (39358 адам) қатынасындағы үлесі 1,2% - ды құрайды.

Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» №1006/11 қаулысымен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, ұйымдарға мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейін жұмыс орындарының квотасы белгіленген.Заңды тұлғалар тізбесіне енгізілген 13 кәсіпорын мен ұйымдарда, мүгедектерге арналған 136 жұмыс орнына квота бекітілді.

Есептік күнге мүгедектерді жұмыспен қамтыған орындарының саны – 76, оның ішінде 12 адам (2018 жылға квота), жұмыс істейтін мүгедектер - 179, қоғамдық жұмыстарға – 17 адам жіберілді.

Ақсу қаласының ІІБ-мен бірлесіп бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар қозғалысының мониторингі жүргізіледі.

2018 жылдың 1 желтоқсанына Ақсу қаласының ІІБ-де 209 адам есепте тұр, оның ішінде ағымдағы жылы бас бостандығынан айыру орындарынан - 33 адам, қалалық пробация қызметінде есепте - 150 адам тұр.

Мониторингке сәйкес, ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту органдарына жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың ішінен 76 адам өтініш білдірді, оның ішінде:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар - 17 адам немесе 51,5% (ағымдағы жылы босатылғандардан);

пробация қызметінің жолдамасымен - 59 адам немесе 39,3% (есепте тұрғандардан).

Өтініш берген және кеңес берген тұлғалардың жалпы санынан:

32 адам жұмысқа орналастырылды (42,1%), оның ішінде 19 адам өз бетінше жұмысқа орналасты, қоғамдық жұмыстарға - 4 адам, жастар тәжірибесіне - 1 адам, 100 АЕК көлемінде несие берілді – 1 адам;

қайта даярлау және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына 3 адам жіберілді (2-жұмысқа орналастырылды, ЖК 1-ашты);

тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты есептен шығарылды -               6 адам;

жұмысқа орналасудан 25 адам бас тартты (32,9%).

Жоғарыда көрсетілген адамдарды жұмысқа орналастырудан бас тартудың негізгі себептері мыналар болып табылады: еңбекке мотивацияның әлсіздігі, кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі, төмен жалақы, жұмыс тәжірибесінің болмауы, денсаулығының қанағаттанғысыз жағдайы, жұмысқа жіберу туралы медициналық қорытындысы жоқ, өйткені алкоголь немесе есірткі қолдануға бейімділігі бар (жазбаша бас тартулар бар).

Қолданыстағы ережелерге сәйкес Ақсу қаласының ІІБ және пробация қызметінің ұсынған құжаттары бойынша 35 адам жалпы сомасы 432,9 мың теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек алды.

2018 жылғы 1 желтоқсанға Ақсу қаласы бойынша мәртебесі жоқ тұлғалар саны 10876 адамды құрайды, 8140 немесе 74,8% өзектендірілді, мәртебені нақтылау бойынша жүйеге сәйкес, Ақсу өңірі бойынша 2745 адам қамтылды, оның ішінде: 619 – МЗЖ– сыз жұмыс істейтіндер, 77 – нәтижесіз өзін – өзі жұмыспен қамтығандар, 66 - студенттер, 1379 - кеткендер, 187 - мәртебесі анықталмаған, 394 - нысандандырудан бас тартқан тұлғалар.

Нәтижелі жұмыспен қамтуға тартылуға мұқтаж азаматтардың саны 556 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын алды – 457 (82,2%).

 

 

Полезные ссылки