2019 жылы «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволық бағынысты мекемесі «Ақсу қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің 19 мемлекеттік қызмет түрі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) бойынша 22828 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы– 2845, электрондық үкімет порталы арқылы – 5.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру аясында 2019 жылы келесі жұмыстар жүргізілді.

Азаматтарды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында ауылдық елді мекендерге 19 шығу жүзеге асырылды, онда жергілікті жерлерде азаматтарды қабылдау жүргізілді (жалпы қамту – 475 адам). Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар үшін облыстық семинарлар, бөлімде жалпыға бірдей құқықтық оқу сабақтары өткізілді.

Жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1-тоқсанында бөлімнің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша атқарылған жұмыстары туралы есепті жария талқылау жүргізілді. 2019 жылдың 4-тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімнің жұмысы жария түрде талқыланды. Талқылауға мемлекеттік қызмет алушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ПИК басшылары, мемлекеттік корпорацияның (ХҚКО, МЗТО) және басқа да мүдделі органдардың мамандары қатысты.

Ақпараттық стендтерде және бөлімнің сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларындағы өзгерістер туралы ақпарат орналастырылған. Құжаттарды толтыру үшін орындар қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бөлімге жүгінген кезде қолжетімділіктің ерекше жағдайлары жасалған (арбалы-мүгедектерге арналған пандус, маманды шақыру батырмасы, мүгедектігі бар адамдарды қабылдау кабинетіне қызыл тактильді жол, санузел қайырмалы тұтқалармен, киім мен балдақтарға арналған арнайы ілмектермен жабдықталған, ақпараттық белгілер орналастырылған, ғимараттың жанында бөлу жолақтары бар мүгедектерге арналған автомобиль тұрағының белгісі орнатылған).

Әрбір секторда қызмет алушылардың шағымдарына арналған кітаптар бар, бірінші қабатта азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына арналған жәшік орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтар, қызмет алушылар тарапынан шағымдар тіркелген жоқ. 

Халықты бос орындар туралы хабардар ету үшін Бөлім ғимаратының сыртында электрондық табло – жүгіртпе жол орналастырылған. 1-қабаттың фойесінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарының құзыреті бойынша бейне-роликтерді трансляциялауға арналған телеэкран бар, күн сайын жаңартылатын жұмыс орындары бойынша бос жұмыс орындарын көруге арналған моноблок орнатылған. «Электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған бұрыш» құрылды.

Бөлім басшысы және оның орынбасары азаматтарды күн сайын қабылдайды. Бекітілген кестеге сәйкес, бөлімнің бас мамандары Ақсу қаласының ашық әкімдігінде бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес береді.

Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы жалғасуда.


 

Мемлекеттік қызмет көрсету

 

2018 жылғы 11 айда Бөлім 18 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 18784 мемлекеттік қызмет көрсетілді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет), соның ішінде Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 3173, электронды үкіметтің порталы арқылы – 3.

Есептік кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 19 түсіндіру шарасы жүзеге асырылды: 9 жалпыға бірдей құқықтық оқу сабағы, жергілікті газетте Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы 13 мақала жарияланды, селолық округтерге 5 шығу болды,  230 адамды қамтыған 5 семинар (қоғамдық тыңдалымдар, мүгедектерге арналған, ҚІІБ қамқорлығындағыларға арналған, әлеуметтік қызметкерлерге арналған семинарлар) өткізілді.

Ақпараттық стендтерде, Бөлім сайтында, әлеуметтік желілерде және жергілікті газеттерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласында қолданыстағы заңнамаларындағы өзгерістер туралы ақпарат орналастырылған.

Қызмет алушыларға құжаттарды толтыру үшін орындар қарастырылған, әр секторда шағым кітабы бар.

Бөлімнің 1 қабаттағы фойесінде Бөлімнің құзіреттілігі бойынша бейне-роликтер көрсетуге арналған теле-экран орнатылған.

«Электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бұрышы» жабдықталған.

Бөлімнің әкімшілік ғимараты қасбетінде халықты бос жұмыс орындары туралы ақпараттандыруға арналған жүгіртпе жол - табло орнатылған.

Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге алушылар тарапынан шағымдар тіркелген жоқ.

Анықтама: 2017 жылғы 11 айда Бөліммен 14982, соның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 3618 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

2017 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есепті ел алдында талқылау туралы

 

         Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабы, 6 тармағына сәйкес ағымдағы жылы наурызда «Ақсу қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) 2017 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша жария талқылау өткізілді.

Есептің талдауына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Жұмыспен қамту орталығының мамандары, Мемлекеттік корпорация (ЗТМО, ХҚКО), қалалық мұрағаттың қызметкерлері, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы ҮЕҰ директорлары, ПИК төрағалары, мемлекеттік қызметті алушылар, жылу орталығы, қалалық су арнасы орталығы және ЖТИС-орталығының қызметкерлері, селолық округ әкімі аппараттарының бас мамандары, қоғамдастық, баспасөз өкілдері қатысты.

         Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Г.М. Гафурова - «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2017 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметі туралы есебін баяндады:  «2017 жылы Ақсу қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Ақсу қаласының халықты жұмыспен қамту Орталығымен Ақсу қаласы бойынша 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша 15692 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы – 3667, оның ішінде: 

1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу,

2. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»,

3.«Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»,

 4. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»,

5. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»,

6.«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»,

7. «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»,

 8. «Мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну»,

9. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту  кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»,

10. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»,

11. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - жүгінген азаматтар жоқ,

12.  «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», 13. «Өтініш иесінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама беру» - жүгінген азаматтар жоқ,

14.  «Ауылдық елді-мекендерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»,

15.  «Тұрғын үй көмегін тағайындау»,

16. «Жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатысу үшін  жолдамалар беру»,

17 .«Жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тіркеу»,

18. «Жұмыс іздеп жүрген азаматтарды, жұмыссыз ретінде тіркеу», 19.«Ақталған адамға куәлік беру».

Бөлімнің ақпараттық стендтері мен сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат орналастырылған. Бөлімде қызмет алушылар құжаттарды толтыру үшін орындар көзделген, әрбір секторда азаматтардың шағымдары мен талап-тілектері үшін кітаптар бар.

Ғимараттың сыртында электронды жүгіртпе-табло жолы халықты бар бос орындар туралы хабардар ету үшін орналастырылған.  Бөлімінің 1-қабаты фойесінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы видео-роликтер көрсетуге арналған телеэкран орнатылған, фойесінде халықты күн сайын өзгеретін  бар бос орындар туралы хабардар ету үшін моноблок орнатылған. «Электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бұрышы» жасалған.

2017 жылғы 12 айға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру шеңберінде, келесі жұмыстар жүргізілді: ауылдық аймақтарға 14 шығу, 35 адамға кеңес берілген, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру жөнінде 14 іс-шара жүргізілген, 9 жалпыға міндетті оқу өткізілді.  Қызмет алушылар тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар тіркелмеген».

             Семинар қатысушыларына есепті талқылау ұсынылды: талқылау барысында шақырылғандар және мемлекеттік қызметтерді алушылар сұрақтар қойды, оларға Бөлімінің және жұмыспен қамту Орталығының мамандары түсініктер, түсіндірме және толық жауаптар берді. Қатысушылардың және шақырлғандардың атынан «Единство» Ақсу мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы - С.А. Олейник сөз сөйледі.  Ол: «Бөлімнің 2017 жылғы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысына «қанағаттанарлық» деген пікірін білдірді. Сондай ақ, ол осындай есеп беру кездесулерінің, «бетпе-бет» кездесулердің қажет екендігін атап өтті.        

Барлық шақырылғандарға Бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, мамандардың телефондары көрсетілген ақпараттық - насихаттық буклеттер таратылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2017 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есепті жұрт алдында талқылау

№ 1 ХАТТАМАСЫ

 

Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2018 жылғы 1 наурыз

16-00 сағат 

                            

         Кеңес төрағасы: Г.М. Гафурова - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

         Қатысқандар: Ж.Н. Амерханова – жұмыспен қамту секторының меңгерушісі, Г.С. Камелова –мүгедектер және ардагерлермен жұмыс істеу секторының меңгерушісі, С.Ш. Нұрмағамбетова – әлеуметтік көмек тағайындау секторының меңгерушісі, А.Ө. Жапарова – тұрғын үй көмегін тағайындау секторының меңгерушісі, Ж.Ш. Достекинахалықты жұмыспен қамту Орталығының маманы, (ЗТМО, ХҚКО) мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері, қалалық мұрағат қызметкерлері, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы ҮЕҰ директорлары, ПИК төрағалары, мемлекеттік қызметті алушылар, теплоцентр, горводоканал, ЖТИС-орталығының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері аппараттарының бас мамандары, жұртшылық өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары.

 

Күн тәртібі:

 

1. «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметі туралы есебі.

__________________________________________________________________

(Г.М. Гафурова - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары) (баяндамасының тезистері):

2017 жылы Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Ақсу қаласының халықты жұмыспен қамту Орталығымен Ақсу қаласы бойынша 19 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 15692 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы - 3667.

2017 жылғы 12 айға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру шеңберінде, келесі жұмыстар жүргізілді: ауылдық аймақтарға 14 шығу, 35 адамға кеңес берілген, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру жөнінде 14 іс-шара жүргізілген, 9 жалпыға міндетті оқу өткізілді.

Халықпен кешенді жұмыс жасау шеңберінде 6 селолық округтардың 14 ауылды елді мекендеріне шығу болды.

Бөлімнің Ақпараттық стенділерінде және сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат орналастырылған.

Әрбір секторда азаматтардың шағымдары мен талап-тілектеірі үшін кітаптар бар.

Ғимараттың сыртында электронды жүгіртпе-табло жолы орналастырылған, фойесінде халықты бар бос орындар туралы хабардар ету үшін моноблок орнатылған.

Бөлімінің 1-қабатының фойесінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы видео-роликтер көрсетуге арналған  телеэкран орнатылған, азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Бөлімде қызмет алушылар құжаттарды толтыру үшін орындар көзделген, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды қабылдау үшін жағдай жасалған. «Электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бұрышы» жасалған: интернетке қосылған оргтехника сатып алынды және орнатылды. Алушылар тарапынан Бөлім мамандарының мемлекеттік қызмет көрсетулеріне шағымдар тіркелген жоқ.

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы орынбасарының 2017 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараты назарға алынсын.

2. 2017жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп беруді жария  талқылау.________________________________________________

(Г.М. Гафурова, Г.С. Камелова, С.Ш. Нұрмағамбетова, А.Ө. Жапарова,  Ж.Н. Амерханова, Ж.Ш. Достекина).

Г.М. Гафурова: Бүгін 207 жылы Бөліммен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы есепті талқылауды ұсынамыз.

         2.1. 2017 жылы жұмыспен қамту секторының мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы: «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу». Осы мәселе бойынша жұмыспен қамту секторының меңгерушісі-                               Ж.Н. Амерханова сөз сөйледі. Ж.Н. Амерхановаға сұрақтар қойылды.

Сұрақ: «Радиациялық тәуекел аймағында тұрып жатқандығын растайтын куәлік болған жағдайда, ақшалай төлемді мұрағаттық анықтамаларды ұсынбай ақ алу мүмкін бе?»

Жауап: «Ия, мүмкін. Сіз радиациялық тәуекел аймағында тұрып жатқандығын растайтын айқын мөрі және осы куәлікті берген (қала, аудан, селолық округ әкімінің аппараты) әкімдіктің атауы бар куәлік болған жағдайда, жұмыспен қамту секторына немесе Мемлекеттік корпорацияға белгіленген үлгідегі өтінішпен жүгінуге құқыңыз бар».

         Сұрақ: «Радиациялық тәуекел аймағында тұру кезеңі қалай есептеледі? Айына немесе толық тұрған жыл бойынша?».

Жауап: «Ақшалай өтемді төлеу үшін (ЗТМО) Мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері радиациялық тәуекел аймағындағы тек қана толық тұрған жылдарды есептейді, яғни 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғандағы күнтізбелік жыл».

         Сондай ақ Ж.Н. Амерханова қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы ескерді.

2.2. Ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жасау секторымен 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы: «"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар  беру», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу».     Осы мәселе бойынша мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жасау секторының меңгерушісі - Г.С. Камелова сөз сөйледі.  Г.С. Камеловаға сұрақтар қойылды:

         Сұрақ: «Егер мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында бөлмелік кресло-арба көрсетілмеген болса, біз дәретхана бөлмелері үшін жиналмалы тұтқалар алуға үміттене аламыз ба ?»

            Жауап: «Біздің бөлім мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі - ОЖБ) орындауды жүргізеді, өңдеу біздің құзретімізге жатпайды. Сіз өзіңіздің емдейтін дәрігеріңізге жәрдемдесу және түсініктеме алу бойынша жүгінуіңізге болады».

            Сұрақ: «Кресло-арбаларды ауыстыру қандай уақыт аралығында жүргізіледі?».

            Жауап: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларының 15 тармақшасына сәйкес, бөлмелік кресло - арбалар беру үшін оларға басын пайдалану мерзімі жеті жыл, серуендік - төрт жыл».

2.3. Әлеуметтік көмек тағайындау секторымен  2017 жылы көрсетілген мемлекеттік  қызметтер туралы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - азаматтар жүгінген жоқ, «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама беру» - азаматтар жүгінген жоқ, «Ауылдық елді мекендерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау».    Осы мәселе бойынша әлеуметтік көмек тағайындау секторының меңгерушісі - С.Ш. Нурмағамбетова сөз сөйледі. С.Ш. Нурмағамбетоваға сұрақтар қойылды:

         Сұрақ: «Колледж студенттеріне жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлене ме?»

            Жауап: «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес: атаулы әлеуметтік көмек алуға жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, азаматтығы жоқ шетелдік тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар құқылы. Егер отбасында күндізгі оқу бөліміндегі (колледж, Жоо) студенттері бар болса, олар сондай-ақ отбасы құрамында ескеріледі, отбасының жиынтық табысын есептеп (алушылар стипендия, жәрдемақы) және, тиісінше оларға сондай-ақ, АӘК тағайындалады».

         Сонымен қатар, С.Ш. Нұрмағамбетова қатысушыларға ШАК (шартсыз ақшалай көмек) және ШАК (шартты ақшалай көмек) тағайындау туралы айтып берді.

         2.4. Тұрғын үй көмегін тағайындау секторымен 2017 жылы көрсетілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі туралы.     Осы мәселе бойынша тұрғын үй көиегін тағайындау секторының меңгерушісі - А.Ө. Жапарова сөз сөйледі. А.Ө. Жапароваға сұрақтар қойылды:   

         Сұрақ: «Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде мүгедектік бойынша жәрдемақы отбасының айлық табысында ескеріле ме ?»  

            Жауап: «Иә, отбасының жиынтық табысында табыстарының барлық түрлері есепке алынады,  соның ішінде зейнетақы мен мүгедектік бойынша, жас бойынша жәрдемақылар, жалақы және т. б.».

         Сонымен қатар, А.Ө. Жапарова қатысушыларға осы мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгінуге болатынын түсіндірді, бірақ, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі бойынша түсініктемлер алуға тұрғын үй көмегін тағайындау секторына жұмыс уақытында жүгінуге болатындығын айтып байланыс деректерді ұсынды.

         2.5. Жұмыспен қамту орталығымен 2017 жылы көрсетілген  мемлекеттік қызметтер туралы: «Жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына қатысу үшін  жолдамалар беру», «Жұмыс іздеген адамдарды тіркеу», «Жұмыс іздеген адамдарды, жұмыссыз ретінде тіркеу».

         Осы мәселе бойынша Ақсу қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы - Ж.Ш. Достекина сөз сөйледі. Ж.Ш. Достекинаға жұмыспен қамту және кәсіби оқыту мәселелері бойынша, жұмыссыз азаматтарды шағын несиелендіру бойынша сұрақтар қойылды.

         Сұрақ: «Егер адам жұмыс істейтін болса, бірақ жалақысы көңілінен шықпаса, халықты жұмыспен қамту Орталығы арқылы мамандығын өзгерте ала ма?»

            Жауап: «Кәсіптік оқыту және қайта оқыту, халықты жұмыспен қамту Орталығында, жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған азаматтарға ұсынылады. Бірақ Сіз Бөлім сайтынан, жұмыспен қамту Орталығынан, сондай ақ WWW. ENBEK.KZ сайтынан бос жұмыс орындары туралы біле аласыз.

            Сұрақ: «Жеке бизнес ашу үшін гранттар бар ма?»

Жауап: «Ия, 2018 жылы жұмыспен қамту Орталығы базнес ашу үшін құрал-жабдықтар сатып алуға 100 АЕК (240500 теңге) мөлшерінде гранттар беруді жоспарлаған. Осы мәселе бойынша Сіз жұмыспен қамту Орталығына жүгіне аласыз».

         Қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер берілді.

         Қатысушылардың және шақырлғандардың атынан «Единство Ақсу мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы, «Мүгедектерді санаторлық-шипажайлық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет алушысы - С. А. Олейник сөз сөйледі. Сергей Алексеевич қатысқан мемлекеттік қызметтер алушыларының атынан «Бөлімнің 2017 жылғы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысына «қанағаттанарлық» деген пікірін білдірді». Сондай ақ, ол осындай есеп беру кездесулерінің, «бетпе-бет» кездесулердің қажет екендігін атап өтті.

         Барлық шақырылғандарға Бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, мамандардың телефондары көрсетілген ақпараттық - насихаттық буклеттер таратылды

          

 

         Жиналыстың төрағасы                               Г. Гафурова

         Жиналыстың хатшысы                               Г. Жапарова

 

 

 

Полезные ссылки