Бобчихина Елена Валентиновна

 

 

 Елена Валентиновна Бобчихина

   

1962 жылғы 22 қаңтарда Павлодар облысының, Ермак қаласында дүниеге келді. 1979 жылы № 1 орта мектептен білім алып, Новосібір қаласындағы № 47 техникалық училищесіне оқуға түседі. 1980 жылы тігінші – моторист мамандығын игеріп, үздік дипломмен аяқтайды. Сол жылы жеңiл өнеркәсiптi Мәскеу технологиялық институтының Новосiбiр филиалына оқуға түсті. 1985 жылы институтты бітіріп, инженер – экономист мамандағын тәмамдап, тарату бойынша Хабаровск қаласының “Восток” өндірістік тігін бірлестігіне жолданады және сол жерде 1993 жылға дейін жұмыс істейді.

1993 жылы отбасы жағдайымен Ақсу қаласына қоныс аударды.

ЛТД сауда үйінде бухгалтер – кассир болып жұмыс жасады.

1994 жылдан мемлекеттік қызметте. 1994 жылғы мамыр айынан қаржы бөліміне жұмысқа қабылданды, сол мекемеде 2009 жылға дейін еңбек етті, бөлім маманынан бастықтың орынбасары лауазымына дейін жетті.

2009 жылғы 12 маусымда қала әкімінің № 1-125 өкімімен Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Бірнеше рет қала әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

2012 жылы жоғары кәсіпқойлығы және көп жылғы адал еңбегі, әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы жеке үлесі үшін Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың құрмет грамотасымен марапатталды.

 

 

                                     

 

 

Полезные ссылки