Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі келісімімен тағайындалып, Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен қызметінен босатылады.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
·   Үкімет қызметін ұйымдастыра, басқара отырып, оның жұмысына жауап береді;
·   Тағайындалған уақыттан бастап бір ай көлемінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама жасайды, егер ауытқушылық болса, екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайталап баяндама ұсынады;
·   Үкімет қаулыларына қол қояды;
·   Президентке Үкіметтің басты бағыттары мен олардың маңызды шешімдері туралы баяндайды;
·   Үкімет қызметін ұйымдастыру мен басқаруға байланысты басқа да функцияларды атқарады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдін Кеңсесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, құжаттық және басқа жағдайларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 11 қыркүйегі № 993-қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі іске асырады.
Премьер-Министр Кеңсесінің негізгі міндеттері:
·   мемлекеттік құпиялар мен ақпарат қауіпсіздігімен қамтамасыз етуді қорғауға байланысты мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің үйлесімі мен мемлекеттік құпияларды қорғау шеңберінде бірегей мемлекеттік саясат жасау;
·   мемлекеттік құпиялар мен ақпарат қауіпсіздігін қорғау шеңберіндегі хұқықтық, әкімшілік, техникалық жағдайларын жасау;
·   Мемлекеттік органдардың бірегей ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесін жасаудың, оның ішінде берілген ақпарат базасы жұмысының координациясын жасау;
·   үкімет пен Премьер-Министр актілерін дайындау мен орындау процесіндегі мемлекеттік органдардың жұмыс координациясы;
·   үкіметке берілген Елбасы тапсырыстары мен актілерінің орындалу мерзімін, Үкімет пен Премьер-Министр шешімін, Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының, Кеңсе басшысы мен оның орынбасарының тапсырыс орындау мерзімін бақылау;
·   Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Кеңсе Басшысы басқарады.
Кеңсе Басшысының ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Кеңсенің келесі қызметкерлері лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады:
·   Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсе Басшысының орынбасарлары;
·   Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
·   Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшілері мен кеңесшілері;
·   Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
·   бас инспекторлар.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсе Басшысы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсе Басшысы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жұмысын ұйымдастырады, басқарады және оған жүктелген міндеттердің орындалуына, Премьер-Министр Кеңсесінің өз қызметтерін іске асыруына жеке жауапты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі:
·   «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесі.
·   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
·   «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің азаматтарды қабылдау барысындағы мәселелер тәртібі қандай?
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік басқару ісіне тікелей және өз өкілеттері арқылы мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарына жеке және ұжымдық көзқарастармен араласа алады.
Өз көзқарастарын берген азаматтардың құқығы:
·   өтініштегі қарсылықтарды анықтаушы тұлғаға түсінік беру;
·   қосымша материал ұсыну;
·   қабылданған шешім бойынша жазбаша және ауызша түрде дәлелді есеп алу;
·   жоғарыдағы орган немесе жоғары тұрған тұлғаның шешіміне шағымдану;
·   заңнамалық негізде сотқа органдар мен қызметкер тұлғаның шешімі заңды бұзғандығы туралы шағымдана алады.
Азаматтардың өтініштері Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 19 маусымындағы N 2340 «Азаматтардың өтініштерін қарау реті туралы» қабылданған жарлығына сәйкес міндетті қарау мен тіркеуді талап етеді. Азаматтарды қабылдаудан бас тартуға рұқсат етілмейді.
Өтініште өтініш берушінің аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, жұмысы және орган мен жеке тұлғаның атауы,өзінің талаптары жазылады.
Өтініш жазбаша немесе ауызша түрде жеке немесе ұжым атынан жазылады. Азамат өтінішті басқа біреудің атынан бере алады. Кәмілет жасқа толмағандардың өтінішін олардың заңды өкілімен бере алады.
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде азаматтар қабылдауды бас инспекторлар атқарады. Аймақтық даму бөлімшелері ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысының қабылдаған графикке сәйкес аптасына бір рет жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасы Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәптіппен құрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегі жүйелерді атқарады:
·   мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
·   Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
·   Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi;
·   мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады;
·   Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
·   министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;
·   Республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары актiлерiнiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды немесе тоқтата тұрады;
·   Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
·   өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды.
Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие әрi өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi. Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiн немесе оны жүргiзбейтiн Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш бередi не ол лауазымнан босатылуға тиiс.
Үкiмет мүшелерiнiң өкiлдi органдардың депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің құқы жоқ:
·    ұсынылған органның депутаты болуға;
·   сабақ берушілік, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметтен басқа төленетін лауазымды атқаруға;
·   кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
·   коммерциялық ұйымның бақылау кеңесіне немесе басқарушы органның құрамына кіруге.
Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілеттігінің мерзімі
Үкімет Президенттің өкілеттік мерзімінің шегінде жұмыс жасайды және Қазақстан Республикасының жаңа сайланған Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамын бекіткенше өз міндеттерін атқарады.
Жаңа сайланған Президенттің алдында өкілеттікті доғарту, мемлекеттің жаңа сайланған елбасшысына бағытталған, Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініштері арқылы жүзеге асады.

Полезные ссылки